«Atameken Buisness» телеарнасына Заң бұзған ломбардтар мен Қаржы ұйымдарына қандай жаза қолданылады атты басты тақырыппен сұхбат берерден бұрын көрермен қауымға біздің Заң және Құқық адвокаттық кеңсесі 2013 жылдан бері қарай, күнделікті жүздеген қала азаматтарымен шектелмей, шетелдегі қандастарымызға да тегін заңгерлік кеңес берумен айналысып келеді https://youtu.be/Okx066Ww4GE .
Сонымен, өткенге шолу жасап, 2020 жылдың 1-ші шілдесіне дейін біздің қоғамда Микроқаржы, Ломбард ұйымымен бірге Микрокредит серіктестіктері де орын алды№ Соңғылары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің 2020 жылғы Қаулысымен 2020 жылдың 1-ші шілдесіне дейін жұмыс жасады. Осыған дейін Ломбард, Микрокредит серіктестіктері көптеген заң бұзушылықтарға жол беріп, Қазақстан Республикасының Микроқаржылық қызмет туралы заңын белшесінен басып, бұл заңға бағынбаймыз деп жария салған болатын. Ломбард, Микрокредит серіктестіктері тарыпынан жіберілген заң бұзушылықтарының ызғары бүгінгі күнге дейін жетуде және біздің қоғамымыз сол уақыттың зардаптарын шегуде.
Заң бұзған ломбардтар мен қаржы ұйымдарына қандай жаза
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ерекше бөлімінің 725-1 бабында көзделгендей берілген қарыз Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында берілуге міндетті делінген. Сонымен қатар қарыз шартында жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі міндетті түрде жазылуға (қамтылуға) тиіс деп дөп басып айтылған.
Қарыз шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қарызды қайтару мерзімі өзгертілген жағдайда жүз пайыздан аспауы керек. Сонымен қоса шарт бойынша сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін айыппұлдың, өсiмпұлдың мөлшері өткен әрбір күн үшін 0,5 пайызынан, бірақ берілген қарыз сомасының жылына он пайызынан аспауы керек.
Қарыз нысанасын қоспағанда, сыйақы, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсiмпұл), комиссиялар және қарыз шартында көзделген өзге де төлемдер сомасын қоса алғанда, қарыз алушының қарыз шарты бойынша барлық төлемі жиынтығында қарыз шартының бүкіл қолданылу кезеңiнде берілген қарыз сомасынан аса алмайды.
Егер қарыз алушымен – жеке тұлғамен жасалатын, шарт жоғарыда айтылған талаптарыға сәйкес келмейтін қарыз шарты мәнсіз (заңсыз) болып табылады деп тайға таңба басқандай айтылған.
Заң және Құқық адвокаттық кеңсесі Банк, Микроқаржы, Микрокредит, Ломбард, Нотариус және Жеке сот орындаушылардың тарпынан жіберілген заң бұзушулықтарына қарсы іс қимылдарыңызда таптырмас кемеңгер кеңесші ретінде өзінің тегін заңгерлік кеңесін әрдайым беруге дайын екендігін айта кеткіміз келеді. Тегін заңгерлік кеңес 8 708 971 7858, 8 727 971 7858 телефондарына қоңырау шалып ала аласыз.